Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: Исекешев жаңа қызметін өтірікпен бастады

Танымал журналист Дина Елгезек Астананың жаңа әкімі туралы осындай пікірде. Оның айтуынша, Әсет Исекешев министр кезінде де күмән тудыратын деректерді жариялап келген.

aset_0

Сурет 7news.kz

Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

“Телемост кезінде Президент кнопканы дыз еткізіп басады… Қалғандары айғайлап тұрып зауыттарды ашады… Жарты жылдан кейін әлгі зауытқа барсаңыз, ду айғайдың бу айғай екенін ұғасыз… Исекешов министр болғалы бұндайдың талайын көрдік… “Қазақстанда осыншама жұмыс орны ашылды, мынанша зауыт іске қосылды” деп телекөпір кезінде нөпірлетіп берілген ақпарды да Статистика агенттігінің мәліметімен тексеріп шығуға болады… Телекөпірдің көпіртіп берген біраз өтірігі анықталары сөзсіз…” дейді Д.Елгезек өз жазбасында.

Оның айтуынша, Астана әкімі жаңа қызметін де жұртты алдаудан бастапты. Мәселен, елорда тұрғындары санының 1 миллион адамға жетуі ақылға мүлдем қонымсыз статистика көрінеді.

“Исекешов екінші лауазымды қызметін тағы өтіріктен бастады… Астана қаласында миллионыншы тұрғын дүниеге келді деп елді бір шулатты… Ресми статистика бойынша, 880 мың адам тұрады… Өткен жылы қалалықтар саны 20 мыңға көбейген… Сонда деймін-ау, жарты жылда астаналықтар 120 мыңға қайдан көбейе қойған… Әлде Президенттің туған күні қарсаңында өтіріктен құралған сыйлықтарды таратып жатқан түрлері ме екен?! Президент басшысының еркесі болса өзіне, бірақ, ел алдында бұл жолы өтірігі өтпеді” дейді журналист.

Естеріңізге салайық, шілденің 3-нен 4-не қараған түні Астананың №1 перинаталдық орталығында елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келген болатын. Қала әкімі Әсет Исекешев жас отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Талқылау