Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Бота Жұманованы аяусыз ұрған жігітке қатысты сот үкімі оқылды

Сот журналист Бота Жұманованы  өз үйінің алдында ұрған жігіті 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Алматы облысының 22 жастағы азаматына жалпы режимдегі  колонияда  жазасын өтейтін болады. Істі Алматыдағы Алмалы ауданының соты қараған.

14446336421u487

Журналист  8 қазан күні өз үйінің алдында соққыға жығылған еді. Оқиға ауладағы видео камераға түсіп қалған болатын. Видеода  үйінің сыртқы есігін ашқалы тұрған қыздың соңынан спорт киіміндегі азаматтың еріп келгені анық көрінеді. Бірден қыздың басына ұрып бастаған жігіт оны құлатады. Осыдан кейін аяғымен теуіп бастайды. Соққыға жыққан азамат Жұманованы есінен тандырғаннан кейін оның қалтасын да қарамаған. Оқиға орнынан дереу қашып кеткен. Журналист бірден ауруханаға жатқызылды. Бас ми сүйегі жарақаттанып,мұрны сынған еді.

Оқиға болғанына екі апта өткеннен кейін күдікті ретінде Алматы облысы, Жаркент жерінің 1993 жылғы тұрғыны ұсталған . Істі қарау кезінде азамат журналисті тонау үшін шабуыл жасағанын айтқан. Алайда оқиға кезінде сырт көз байқап қалуы мүмкін болғандықтан бірден қашып кеткенін түсіндірген.

 

 

Талқылау