Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Балғабаева салмағынан ауыр штангіні көтеріп жұртты таң қалдырды (видео)

Отандық арналардың біріндегі жаңалықтар жаршысы Мәдина Балғабаева өз салмағынан ауыр штангіні көтеріп жұртты таң қалдырды.

IMG_9182(1)

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мәдина Балғабаева күн сайын кешкілік жаңалықтарды жүргізіп, қазақ елін болып жатқан оқиғалардан хабардар етіп отырады. Көпшілік оның мінсіз екенін, барша қазақ қыздарына үлгі бола алатынын айтады. Ал, тележүргізуші өз кезегінде ер азаматтарға қыздың сыртқы сұлулығына ғана емес, жан-жүрегіне үңілуге кеңес берген-ді.

Танымал журналист жақын құрбысы Баян Есентаевамен бірге фитнес жаттығу залына барған. Сол жерде салмағы 50 кг болатын штангіні көтерген. Оның бұл әрекетіне жанында тұрған  құрбысы қатты таң қалған. Себебі, журналистің салмағы штангіден әлдеқайда аз.

“Мәдинаның өз салмағы – 46 кг. Ол болса салмағы 50 кг болатын штангіні көтеріп жатыр. Яғни, адам баласының мүмкіндіктері шексіз деуге де болады”, – дейді Баян Есентаева. 

Мәдина Балғабаева осы уақытқа дейін түрлі спорттық жаттығу жасап, шымыр денесімен желі қолданушыларын таң қалдырған.

Жоғарыдағы видеоны көрген желі қолданушыларының бірі Баян Есентаеваны “Сіз енді фитнес жаттықтырушысы болып кеткенсіз бе?” деп әжуаласа, енді бірі Мәдинаға ерекше қошемет білдірген. Арасында журналистің салмағының 46 емес, 53 кг екенін айтқандар да бар. Желі қолданушысының бұлай айтуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таң қалдырды (видео)

Жұрт Заттыбектің сарайдай үйін көріп таң қалды (видео)

Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таң қалдырды

Талқылау