Журналист Балғабаева салмағынан ауыр штангіні көтеріп жұртты таң қалдырды (видео)

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 10:43

Отандық арналардың біріндегі жаңалықтар жаршысы Мәдина Балғабаева өз салмағынан ауыр штангіні көтеріп жұртты таң қалдырды.

IMG_9182(1)

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мәдина Балғабаева күн сайын кешкілік жаңалықтарды жүргізіп, қазақ елін болып жатқан оқиғалардан хабардар етіп отырады. Көпшілік оның мінсіз екенін, барша қазақ қыздарына үлгі бола алатынын айтады. Ал, тележүргізуші өз кезегінде ер азаматтарға қыздың сыртқы сұлулығына ғана емес, жан-жүрегіне үңілуге кеңес берген-ді.

Танымал журналист жақын құрбысы Баян Есентаевамен бірге фитнес жаттығу залына барған. Сол жерде салмағы 50 кг болатын штангіні көтерген. Оның бұл әрекетіне жанында тұрған  құрбысы қатты таң қалған. Себебі, журналистің салмағы штангіден әлдеқайда аз.

“Мәдинаның өз салмағы – 46 кг. Ол болса салмағы 50 кг болатын штангіні көтеріп жатыр. Яғни, адам баласының мүмкіндіктері шексіз деуге де болады”, – дейді Баян Есентаева. 

Мәдина Балғабаева осы уақытқа дейін түрлі спорттық жаттығу жасап, шымыр денесімен желі қолданушыларын таң қалдырған.

Жоғарыдағы видеоны көрген желі қолданушыларының бірі Баян Есентаеваны “Сіз енді фитнес жаттықтырушысы болып кеткенсіз бе?” деп әжуаласа, енді бірі Мәдинаға ерекше қошемет білдірген. Арасында журналистің салмағының 46 емес, 53 кг екенін айтқандар да бар. Желі қолданушысының бұлай айтуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таң қалдырды (видео)

Жұрт Заттыбектің сарайдай үйін көріп таң қалды (видео)

Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таң қалдырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Асылхан says:

    Осыныда жаңалық деп. Ауылдың келіндері өзінен 4 кг емес 10.15 кг ауыр заттарды көтеріп жүр ғой ,ешкімге мақтанбай ақ.ешкім таңқалмай ақ. Елді болмашы нәрсемен жаңалық деп алдаған ды қойыңдар.түйме дейді түйедей қылып айтуды…..

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар