Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: Әншілердің анасының аяғын жуып-сүйгені қадірлегені емес, өзіне жарнама жасағаны

Аналарының аяғын жуып, бұл әрекетін әлеуметтік желілерге жарыса жариялаған әншілер жұртқа жақпай қалды. Мұнысын эстафетаға айналдырып, камера алдында қамқор бала болып көрінгендердің тірлігін журналист Мәди Манатбек алғашқылардың бірі болып сынға алды.

toregali

Сол-ақ екен желідегі жұрттың пікірі қақ бөлініп, өнер иелерінің кезекті бастамасы өзара даудың тақырыбына айналды. Аналарының аяғымен атақ жинаған кімдер? Этикаға жатпайтын эстафетаның мақсаты не? Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  

Хайп десе алдына жан салмайтын Төреғали Төреәлі енді ар-ұятын таразыға салды. Қасиетті Рамазан айында анасының аяғын жуып, сүйіп жатқан бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп мақтанды. Өнердегі әріптестеріне эстафета жолдаған әншіні жұрт жақтырмай қалды. 

Анасының батасын алса алған шығар, алайда оған еліктейтін жастар осындай жасандылыққа бой алдырмасына кім кепіл? Бұл ананы құрметтеуді көрсету емес, өз-өзіне жарнама жасап, мақтану! Танымал журналист Мәди Манатбек осылай деп ренжіді.

"Ананы кім қадірлемейді? Қай қазақ қадірлемейді? Мен қазақпын деген саналы есті адамдардың бәрі анасын, әке-шешесін, отбасы мүшелерін туған-туысын бәрін қадірлейді ғой. Бірақ енді оның барлығын сала берсек әлеуметтік желіге жаза берсек одан не қадір қалады? Бұрын жаңағы телевизияға телмірген заман болса, қазір елдің бірақ бөлігі осы әлеуметтік желілерде отыр. Әлеуметтік желілерде отырып қана қоймай, негізінен осы әншілердің  өмірін көп қарайды қазір", - деді журанилст Мәди Манатбек. 

Қарапайым халық оң, теріс пікірлерін қалдырып жатса да, оған пысқырған жұлдыздар жоқ. Керісінше Төреғалидің эстафетасын жалғастырып, видеоларын жүктеп қойды. Оның ішінде қазақтың арлан жігіттерінің абыройын әнге қосқан "Алашұлы" тобының белді мүшесі Ұшқын Жамалбек те ұшырасты. Түзу жолды таңдаймын деген "Жігіттердің" марқасқасы Ердос та бар. Айтыстың ақтаңгері Дидар  Камиевтің аяқ жуып отырған видеосы желіде желдей есуде. Сонда бұлар үлгі көрсетпек болды ма, әлде тек кеуде соғу ма?

"Негізінен сол мақтангершілік деп ойлаймын. Өзін көрсетіп қалуға тырысу деп ойлаймын жалпы. Негізі біз жаңағы жасырғанды, сыбырлап айтқанды Алла естімей ме дейміз ғой. Алла тағала барлық біздің қимыл-қозғалысымызды, ой-тұжырымызды көріп-естіп, біліп тұратын болса түйсігі бар адамға түсінікті ғой", - дейді журналист.

Кезінде қарт адамды залдан балағаттап, қуып шыққан Ұлы дала баласының тағы бәр әрекеті еске түседі. Дүйім жұрттың алдында оның ер жетіп қалған баланың аузына түкіргені бар. 

Ал, көне дәстүр бойынша баланың аузына түкіруді сұраған жерлесіне жас жұлдыз Димаш Құдайберген басқаша жауап берді. Ол тойда сәбиді жоғары көтеріп, бетінен сүюмен ғана шектелді. Осылайша, көпшіліктің шапағатына тағы бөленіп қалды. 

Талқылау