Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жүрегіңді тыңда": Танымал әнші Әли Оқаповқа отбасын құру туралы кеңес берді

Танымал әнші Әли Оқаповқа отбасын құру туралы кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бірге түсірген жаңа бейнебаяндарын халыққа ұсынайын деп жатқан Нұржан Керменбаев пен Әли Оқапов отбасы тақырыбында жиі әңгімелесетін сияқты.Тіпті Нұржан Керменбаев кеңес бетіп тұрады екен. Бұл туралы Әли Оқаповтың өзі айтып берді.

"Кеңес сұрап едім, айтты. Маған өте қызы болды. Өйткені, басқаша көзқараспен түсіндіріп берді. Былай ағаларымыздан ақыл сұрап жүрміз ғой. Нұржан терең нәрселер жеткізді", - дейді Әли Оқапов.

Отбасы жайлы біраз білетін Нұржан Керменбаев та қалай кеңес бергенін жасырмай, ашығын айтып ақтарылды. Ер адам үшін маңызды дүниелерді түсіндірдім дейді ол.

"Қазақ астыңдағы тұлпарды мінер кезде, жарды алар кезде қателеспеу керек деп айтып жатады. Ер адамға керегі де осы. Сол нәрселерді айттым. Ең бастысы, жүрегіңді тыңда дедім", - дейді Нұржан Керменбаев.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр