Жұмыстан шаршау синдромы – сырқаттың белгісі

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 14:00

Бельгияның ресми билігі көптің көкейінде жүрген мәселенің шетін шығарды. Нақты айтар болсақ, ресми билік адамның жұмыс уағындағы шаршауы ­– бұл сырқаттың белгісі деп таныды.

a5a653337b3c15568160f4af427e68d5

Шындығында қазіргі кезде Бельгияның әрбір оныншы тұрғыны  күнұзақ жұмыстың зардабын тартады. Жыл сайын дәрігерлерге елдің 10 мыңнан астам тұрғыны «жұмыстан шаршадым» деп шағым түсіреді екен. Бұл деректі Бельгияның Денсаулық сақтау министрі Магги Де Блок ханым да қараша айының соңында болған үкіметтің кеңейтілген жиынында растады. Министр осы басқосуда «жұмыстан шаршау сырқатына» байланысты үкімет белгілі бір шара қолдану керек деп мәлім етті.

Шындығында елдегі қазіргі жағдай түсінуге тұрарлық. Дағдарыс ғаламды еңсерген тұста ешкім жұмысынан айрылып қалғысы келмейді. Бельгияның әлеуметтанушы мамандары да осы «жұмыстан шаршау синдромының» дендеп бара жатқанына алаңдап отыр. Соңғы дерек бойынша елдегі 8,2 мың адам жұмыстан шаршағандығына байланысты кезектен тыс демалыс алған және социологтар бұл процестің жыл өткен сайын көбейіп келе жатқанына алаңдайды. Ал мұның себебі неде? Бүгінгі таңда соңғы екі-үш жылда елде қысқарту және мамандарды ықшамдау  процесі жүріп жатыр. Соның салдарынан жұмыс орнында қалған мамандар кеткен адамның орнына көбірек еңбек етуіне тура келеді. Бірақ ресми билік тарапынан «жұмыстан шаршау – сырқаттың белгісі» деп танылғанымен, қызметкерлер наразылық шеруін өткізуге қорқады. Өйткені бала-шағаны асырау керек, ал қарсылық танытқанды қай жұмыс беруші жақсы көреді дейсің?!.

Жұмыстан шаршауды жоюдың жолдары:

Әрине, күнұзақ компъютердің алдында отыру оңай емес. Бірақ Сіз өзіңізді әлсіз сезініп, өн бойыңыздан шаршау сезімі үнемі байқала берсе,  алдымен дәрігерге көрінгеніңіз абзал. Мүмкін бойыңыздағы сырқат сіздің толыққанды жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бермей отырған шығар. Сіздің тез шаршауыңызға себеп болатын сырқат түрлері:

Анемия;

Диабет;

Жүрек ауруы;

инфекциялық аурулар;

бауыр сырқаты;

күйзеліс;

2. Иогуртты жиі жеу керек.

Иогуртты жиі жесеңіз,  шаршамауыңыз бек мүмкін.  Оның құрамында бай энергия бар. Ол шайнап жеп, жұтатын тамақтарға қарағанда, жақсы қорытылады және адамның ағзасына күш береді. Жұмыстың өн бойында шаршап жүру асқазан жұмысының тепе-теңдік сақтамай, оның бұзылуынан да пайда болады.

3. Жұмыс уағында тәтті жеудің қажеті шамалы.

Көп азаматтар «тезірек энергия аламын» деген оймен қою шаймен тәтті жеуді дағдыға айналдырады. Алайда мұндай кезде бойыңыздағы қанттың мөлшері төмендейді де, сіз өзіңізді әлсіз сезіне бастайсыз. Шектен тыс көп  тоя тамақ ішу де жұмыс процесіне кедергі келтіріп, салмағыңызды арттырады. Сондықтан адам өзін тың сезінудің басқа жолы бар екенін ұмытпауы керек.

Отыра бергенше, жиі  жаяу жүріңіз;

Арасында Бір стакан суық су ішіңіз;

4. Жаңғақтың пайдасы көп.

Көп адамдар жұмыс арасында шай ішіп, әртүрлі тағамдарды жеп, аузы тынбай отырады. Ал оның қажеті шамалы. Ең дұрысы, бір сәт жұмыс столыңызда отырып, жаңғақ жеп қойыңыз. Оның құрамында майлы пайдалы заттар бар. Ол сіздің шаршауыңызға мүмкіндік бермейді. Әсіресе, грек, Бразилия жаңғақтарының пайдасы зор. Сондай-ақ фундук және арахис жеп отырсаңыз да  шаршамайсыз.

5. Бір кесе шай ішкен дұрыс.

Кофеден гөрі шай ішкен пайдалы. Шайдың құрамында кофеин және  L-теанин бар. Бұл сіздің шаршамауыңызға көмегін тигізеді. Шай сіздің белсенділігіңізді арттырады, есте сақтау қабілетіңізді жақсартады. Бірақ шамадан тыс ішудің қажеті шамалы.

6. Жұпар исі бар шөп қосылған шай жақсы.

Қазіргі уақытта ірі қалалардағы кафелерде келген қонақтарға ішіне жұпар исі бар шөп қосылған (мятный чай) бір шайнек беру дағдыға айналды. Ал бұл шайдың пайдасы зор. Адам өзін әркез сергек сезінеді.

7.  Компъютерден бір сәт аулақ кетіңіз.

Егер сіз күні бойы компъюердің алдында отырып, мақала немесе баяндама немесе есеп-қисап жазатын болсаңыз, онда түстен кейін шаршай бастайтыныңыз ақаиқат. Ондай      жағдайда не істеу қажет? Ара-арасында 10-15 минуттан үзіліс жасап тұру керек. Бір сәт электронды техникалардан аулақ кетіңіз. Үйге келген соң да компюътерге жақындамағаныңыз дұрыс. Жұмыстың жалғасын үйге әкеліп істеу дұрыс  нәрсе емес.

8. Спортпен тұрақты айналысыңыз.

Спортпен тұрақты айналысып, жиі жаттығу жасау, Сіздің денеңіздегі қан айналымыңызды арттырады. Ағзаны шаршатпайды.

9. Жұмыста белсенді болған жөн.

Әрине үнемі белсенді болуға мүмкіндік бола бермейді. Бірақ ол өз қолыңызда. Дегенмен, шаршағаныңызды басу үшін арасында орныңыздан тұрып, 5 минут керіліп –  созылғанның зияны жоқ. Орныңызда тұрып секіргеннің де пайдасы бар. Жалпы өзіңіз отырған жерді немесе ғимаратты бір айналып шықсаңыз, артықтық етпейді.

10. Салқын судың зияны жоқ.

Суық суға бір сәт шомылуды әдетке айналдырсаңыз,  әрдайым сергек жүресіз. Бір ғана мысал, сіз ыстық моншадан кейін суық суы бар бассейнге секірсеңіз, қандай кейіпте боласыз. Тамаша емес пе?  Сондықтан суық суға бір сәт  сүңгіп тұрыңыз. Жұмыста та шаршап бара жатсаңыз, беті-қолыңызды өте салқын сумен бір жуып алсаңыз, артықтық етпейді.

Айқын газеті

Жіберіп алмаңыз:

Құрқылтайдың ұясы бедеуліктен өзге 80 түрлі ауруға ем

Ұйқыдағы ару синдромы: Бойжеткен 6 ай бойы ұйықтаған (фото)

Ғалымдар анар жемісінің ерекше қасиетін тапты

Аяғынан айырылған Ақтау тұрғыны дәрігерлердің жазалануын талап етуде

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар