Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыста ұзақ отырған мемқызметкерлердің компьютері автоматты түрде сөндіріледі

Елімізде 10 министрлікте артық жұмыс уақытымен күресу мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлері автоматты түрде сөндірілетін болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Мемлекеттік қызметшілердің артық істелген жұмыс уақытын қысқарту мақсатында бірқатар мемлекеттік органда жұмыс уақыты біткен соң компьютерлерді, Бірыңғай электронды құжатайналым жүйесін автоматты сөндіру жүйесі енгізілді. Арнайы жүргізілген мониторинг барысында бірқатар министрлік және облыс, аудан әкімдіктеріндегі мемлекеттік мекемелерде қызметшілердің жұмыста ұзақ қалу фактілері анықталды”, – деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер.

Биыл жыл басынан бері мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақыты бұзылуының 306 фактісі анықталды, сондай-ақ 26 мемлекеттік органда күндік еңбек тәртібі ережелері болмай шықты. Сол себепті, 335 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.  Ағымдағы жылы “Time-management” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындау аясында басшы лауазымында жұмыс істейтін 300 қызметші оқыған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Жігітінің адалдығына көзі жеткен қыз онымен айырылысып кетті

14 жастағы қыз ағасына бола көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

Пранкер астаналық көше кезбелердің бір күнде қанша ақша табатынын анықтады

Қытай электр қуатымен ұшатын жаңа тікұшақ жасап шығарды

Талқылау