Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыста шаршап, күйзелісте болған: Ақтөбе полициясындағылар аты шыққан қызметкерін жақтап шықты

Ақтөбе полициясы көлік апатын жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кетіп, басы дауға қалған қызметкерді жақтап шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыста шаршап, күйзелісте болған: Ақтөбе полициясындағылар аты шыққан қызметкерін жақтап шықты

Олардың айтуынша, оқиға орнынан қашып кетіп, куәгердің сұрауымен ғана тоқтаған полицей 3 тәулік бойы демалыссыз жүмыс істеп шаршап қалған. Сондай-ақ, жағымсыз хабар жайлы естіп, күйзелісте болған.

«Сол күні Саздин бөлімшесінің аға тергеушісі Бүркітбаев лифт шахтасында қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп, үш тәулік бойы демалмай жұмыс істеймін деп әбден шаршап қалған. Ол сол уақытта жақын адамының қатерлі ауруға шалдыққаны туралы біліп, өзіне ауруханада тағайындалған қызметтік көлікпен шығып кетті. Ауруханадан күйзеліспен шыққан аға тергеуші жол-жөнекей жаңбырдың салдарынан қарсы бағыттағы көліктің артын абайсызда сырып кеткен. Бірақ, жүргізушісі полицияға ешқандай арыз-шағым түсірмеді»,- дейді Ақтөбе полициясының қызметкерлері.

Сондай-ақ, полиция бөлімшесінің басшылығы мен Бүркітбаевтың әріптері оның ішімдік ішпегенін айтып, оны адал қызметкерлер ретінде сипаттады.

Ал, видео авторы қылмыстық іс бойынша күдікке алынған ЖОО басшысы болып шықты. Ол, ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Бір қызығы тергеуді аға тергеуші Бүркірбаев жүргізіп жатқан екен.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жол-көлік апатының куәгері оқиға орнынан қашып кеткен полицейді өзі қуып тоқтатқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау