Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

Испанияның Кордоба қаласында 21 жастағы Карлос Дуарте есімді жұмыссық жігіт кафелердің біріне қолмен жазылған түйіндемесін тастап кетті. Келушінің ерекше түйіндемесін көрген Эуге Лопес есімді кафе қызметкері оны Facebook парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

Жұмыссыз жігіттің қолмен жазылған түйіндемесі желіге жарияланған соң, оны бірнеше компания  жұмысқа шақырды.

Лопестің айтуынша, жас жігіт кафеге келіп жұмыс сұраған. Содан кафе қызметкері оған түйіндемесін қалдырып кетуді ұсынды. Алайда, жігіт түйіндемені басып шығаруға қаражаты жоқ екенін айтып, оны қолмен жазу үшін қағаз бен қаламын әкелген.

Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

 

Алайда, Лопес жұмыс істейтін кафеде бос орын болмады. Сол кезде бойжеткен жаңа досына көмектеспекші болып, оның оқиғасымен әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Ол жігіттің жұмыс табу үшін бәріне дайын екендігін байқап, қолмен жазылған түйіндемені өз парақшасында жариялады.

Жұмыссыз кедей жігіт түйіндемені қолмен жазып танымал болды

Бойжеткен жариялаған жазба 10 мыңнан астам репост жинап, оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары Лопестің әрекетіне сүйсініп және оған қолдау көрсетті. Кейінірек, ол түйіндемені қолмен жазып танымал болған жігітті көптеген компания жұмысқа шақырғанын хабарлады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау