Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс таба алмаған америкалық азаматша университетті сотқа берді

АҚШ-та 2008 жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған Томас Джефферсон атындағы құқық мектебінің түлегі оқу орнын сотқа берді. Осы уақыт ішінде оның оқуға төлеген несие қарызы 170 мың долларға өскен. 37 жастағы америкалық университетті жұмысқа орналастыру статистикасындағы заңсыздықтар туралы айыптап отыр.

pic_268b5868223d0eac6ec51fecbd8c2155

Сурет Википедия

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Осыған ұқсас дау бұрында да болғанымен, сотқа дейін жетіп отырғаны алғаш рет болып отыр. Соңғы бірнеше жылда АҚШ-та түрлі заң мектептерін бітіріп жұмысқа орналаса алмаған 15 түлек өзі оқыған оқу орнын айыптаған. Ал сот – жұмыс іздеу бұл әр студенттің жеке шаруасы, оқу орны жұмысқа орналастырып беруге кепілдік бермейді деген шешімге келіпті.

Түлектің адвокаты істі сотқа жеткізу үшін бес жыл кеткенін айтыпты. Ал америкалық қыз университет өзінің құрған жалған статистикасы үшін 125 мың доллар шығын өтеуі керек деген пікірде.

Талқылау