Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс іздеген кезде түйіндемеге қандай сөздерді қоспау керектігі анықталды

«Креативті», «істің көзін білетін адам», «жеңісті қолдан бермейтін», «өте ынтал» деген сөздер түйіндеме иесінің жұмысқа тұруына қайта кері әсерін тигізеді екен.

туйиндеме

Бұл туралы ЭкспрессК басылымы жазған.

“Бұрындары біз адамдарға жұмыс берушінің алдында өзі жайлы жақсы ой қалыптасту мақсатында түрлі сөздерді қолдануға кеңес беретінбіз. Кей адамдар өзінен керемет тұлға жасап, өзінен өзі сұхбат алып, жазып береді. Олардың жазған шығармалары, артық сөздері адамды шынайылықтан аутқытады. Жұмыс беруші қызыл сөзге қарап  адамның шынайылықтан қашықтау өмір сүретінін байқағандай болады. Сол үшін де оны жұмысқа алудан бірден бас тартады”,-дейді  тәжірибелі кадр таңдаушы  Рахима Төлегенова.

ахима Төлегенованың жұмыс үстелінде түйіндемеге толы папкалар саны көп. Ол қағаздың кез келгенін алып, қарамастан не жазылып тұрғанын айтып бере алады.

“Ынталы  маман лайықты жұмыс іздеуде» деп жазыпты. Сіз жұмыс іздеп жатқан болсаңыз өзіңізді дабыралап мақтаудың керегі жоқ”,-дейді Рахима Төлегенова.

“Тағы бір ең танымал жаттанды сөз  «Жеңісті қолдан бермейтін адам». Бұл жерде жұмыс беруші былай саралайды: амбиция-жаман емес, бірақ маған жұмысшының күнделікті бір тапсырманы  қалыпты бітіргені қажет. Сондықтан жаттанды сөздерге қарағанда қандай жетістіктеріңіз барын тізбектеп  жазғаныңыз дұрыс”,-дейді Төлегенова.

Қажет емес сөздердің қатарына «Нәтиже шығара алатын қызметкер» дегенді қосуға болады. Жұмыс беруші «Көпжылдық тәжірибемнің арқасында» деген сөзіңізді жалаң деп түсінеді.

Мысалы, сіз он жыл бойына бір жұмыс орнында тек жеңіл жұмыспен отырған шығарсыз. Оданда өзіңіздің қолыңыздан келетін, мықты тұстарыңызды айтыңыз. Мысалы, компьютерлік  Excel немесе «1С:Бухгалтерия 8» программасында еркін жұмыс істейтініңізді айтыңыз. Жас маман болсаңыз қайда білім алғаныңызды, тәжірибеден  қай жерде өткеніңізді жазыңыз.

Сондай-ақ, есепші, қадағалаушы болып жұмысқа кіретін болсаңыз «жұмысқа  шығармашылық тұрғысынан қараймын» деп айтпаңыз. «Өзім шешім қабылдай беремін» деген сөздерді мүлде қосуға болмайды. Өзіңізді креативті деп ешқашан айтпаңыз. Оданда өміріңізде осы сала бойынша жеткен нақты жетістігіңізді айтыңыз.

 

Талқылау