Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ өлімнің толық дерегі: Қарағанды облысында күйеужігіт өзінің үйлену тойында көз жұмды

37 жастағы қарағандылық Олег өз үйлену тойында көз жұмды. Ол барлық жағынан толыққанды өмір сүрген.

zhenix62

Фото: ИнфоСМИ 

Бұл туралы Криминальные новости хабарлайды.

Бірінші некесінен бір қызы бар. Қалыңдығы Анастасияның да бір ұлы бар. Олег оны өз ұлындай көріпті. 23 қыркүйек күні олар мейрамхананың бірінді үйлену тойын өткізді.

Қайын атасы болған жайтты еске алып айтып берді.

«Олег пен Анастасия қатынастарын заңды түрде рәсімдемек болды. Шахтинскідегі мейрамхананың бірінде той жасады. Ата-аналар тойдан соң үйді-үйімізге тарастық. Жастар мерекені әрі қарай жалғастыру үшін 4-ке дейін жұмыс істейтін өзге мейрамханаға барған. Бір уақытта Олег барға қарай кетіпті. Арада ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Ал, даяшы Олегтің барға жақындағанда өз өзінен есінен танып, құлап қалғанын айтады», – дейді ол.

Кейіннен Олегтің қабырғасы сынғаны, бүйрегіне зақым келгені, бас-сүйек ми жарақаты бары анықталды. Ал, видеобақылау таспасы дәл оның барға жақындаған сәтінен бастап үзіліп қалған. Кейін оның есін жиюға көмектесіп жатқан кезі ғана түсірілген.

Олегті емханаға жеткізіп, бас сүйегіне ота жасалды. Олег 2 сағат комада жатты. 2 қазан күні жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Жұмбаққа толы оқиғада оның не себепті мұнша жарақат алғаны белгісіз болып қалды. Видеожазбаның жартысы неге үзілген? Олег анасының жалғыз баласы болған.

Жіберіп алмаңыз:

Қыздар көшеде іш киімін шешіп беруін сұраған бейтаныс жігітке лыпасын шешіп бере салды (видео)

Әйелдер қай жаста төсек ләззатын көбірек қажет етеді

Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Талқылау