Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертегідегідей: Қайрат Нұртастың отбасылық демалысы қалай өтті (фото, видео)

“Қазақ шоу-бизнесіндегі ең үлгілі отбасы кім?” деген сауалға кез келген тыңдарман ойланбастан “Қайрат пен Жұлдыздың жанұясы” деп жауап береді. Иә, отбасын жұртқа таныстырғалы көпшіліктің хитменге деген көзқарасы өзгерген. Бүгінде Қайрат Нұртас – ел үшін сүйікті ұлы ғана емес, үлгілі отағасы әрі көпбалалы әке, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жұмақ бағында жүргендей: Қайрат Нұртастың отбасылық демалысы қалай өтті (фото, видео)

Жұбайы Жұлдыз бен балаларын елге таныстырғанда Қайраттың қуанышында шек болмады. “Алдағы уақытта отбасыммен күнде мақтанамын” деген хитмен сөзінде тұрып келеді. Нұртастың ұлы әйелімен және перзенттерімен түскен суреттерін жиі жариялап, оларға деген махаббатын білдірумен әлек.

#RixosSungate #RixosMoments #rixoshotels @zhuldyzabdukarimovaofficial

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)


Instagram-дағы парақшасына жүктеген кезекті видеосында Қайрат төрт бала тауып берген жары Жұлдызға алғысын айтады.

“Ханым менің. Өзі ештеңені жақтырмайды, күні мамасына қарап тұрған соң, амал жоқтан жасап тұрған түрі ғой. Құлыным сол, кішкентай. Жаратқан ғұмырыңды ұзақ етсе екен деп тілеймін. Балаларымыз аман болсын. Жұлдыз, осындай балаларды туып бергеніңе рақмет деймін”, – деп бөлісті хитмен бір жазбасында.

Өз кезегінде Жұлдыз Қайраттың ұрпағын одан әрі көбейтуге дайын екенін айтып, көпшілікті сүйсіндірді. “Оқасы жоқ, мырзам. Дүниеге тағы бала әкелуге дайынмын”, – деп бөлісті ол.

Ал мына кадрлардан “жұмақ” бағында жүрген бақытты жанұяны көруге болады.

Айта кетейік, алғашқыда Түркияға отбасымен бірге сапарлаған Қайрат көп ұзамай елге оралған болатын. Алайда ол анасы Гүлзира Айдарбекова мен өз жанұясын тағы бір аптаға Белекте қалдырып кеткен. Бұл орайда елде жалғызсырап қалған хитмен отбасын сағынып жүргенін жасырмайды.

Жұмақ бағында жүргендей: Қайрат Нұртастың отбасылық демалысы қалай өтті (фото, видео)

“Бақытты сәт. Сендердің әкелерің болғаным үшін Аллаға мың шүкір. Сағындым. Белекке қайтып кетіп қалсам ба екен, а?” – деген Қайраттың сөзі көпшілікті сүйсіндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау