Жұлдызнамаңызға байланысты қандай диета ұстаған дұрыс?

Жұма, 2 Маусым , 2017 18:37

“Ас – адамның арқауы” демекші бүгінгі таңда дұрыс тамақтану салауатты өмір салтын ұстанудың басты қағидасы Бірақ дәмді ас жегенді жақсы көретін жандар көп ұзамай артық салмақтан зардап шегіп, диетаға жүгіне бастайды.

2403203

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Айтпақшы, бүгін ас ішудегі әдеттеріңізді түзеп, салауатты өмір салтына қадам жасаудың сәті туған сияқты. Өйткені, 2 маусым — дұрыс тамақтану және артық астан бас тарту күні!

Жұлдызнамаңызға сай қандай диета ұстау керектігін біліп жүріңіз!

Тоқты

токты

Тоқтыларға негізінен ет пен балықтан тұратын ақуызды диета сай келеді. Ет құрамындағы ақуыз бен амин қышқылдары болмаса, кез келген диетаны ұстау қиынға соғады.

Торпақ

торпак

Торпақтарға тағам түрлерінен қатаң шектеу қойылмайтын, ұзаққа созылатын диета жарайды. Қант мөлшерін азайтсаңыз болғаны.

Егіздер

егіздер

Егіздерге диета ұстап қана қоймай, фитнеспен де айналысу керек. Ең бастысы, фаст-фуд жеуден аулақ болыңыз!

Шаян

шаян

Шаяндарға шарап, сыра, лимонад ішуге және қант, кәмпит, тоқаш, ақ нан, картоп, макарон жеуге тыйым салатын үш апталық диета сай келеді.

Арыстан

арыстан

Арыстандар кез келген, тіпті қатаң диеталарға төзімді келеді. Артық салмаққа душар болмас үшін, Арыстандардың майонез бен тұздықтардан бас тартқаны жөн.

Бикеш

бикеш

Бикештер кез келген диетаға шыдамды, тіпті аш құрсақ жүруден де тайынбайды. Бірақ бәрінен де қарбыз диетасын ұстағаныңыз дұрыс.

Таразы

таразы

Таразыларға жеміс-жидек пен көкөніс диетасы жақсы келеді, әсіресе банан мен аскөкті көбірек пайдаланған жөн. Оның құрамында кездесетін калий бүйрек қызметіне жағымды әсер етеді.

Сарышаян

сарышаян

Қатаң диета – Сарышаяндар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін осындай диета ұстауы тиіс. Бірақ етті ұзақ уақытқа рационнан алып тастау сізге қиын әрі зиян болмақ.

Мерген

мерген

Мергендерге ұзақ уақыт ашығуға болмайды. Сізге көпке созылмайтын құлпынай диетасы қолайлы.

Тауешкі

тауешки

Тауешкілер артық салмақтан арылу үшін сүтті диетаны ұстағаны абзал. Сүт өнімдері ағзаңызға қажетті кальцийге де бай.

Суқұйғыш

4545

Суқұйғыштарға шарап диетасы сай келеді. Оны екі айда бір рет ұстасаңыз болады, сонда денсаулығыңызға зияны тимейді.

Балықтар

балык

Балықтарға айран диетасын ұстаған дұрыс. Айраннан бөлек күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішкен жөн.

Оқи отырыңыз:

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Ораза қандай дерттерге шипа болады

Біз зиян деп бас тартып жүрген 9 өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар