Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдызды жұп Баян мен Ерлан Дубайда демалып жатыр (фото, видео)

Жолдасына семіріп кетесің деп тамақ бермей қойған Баян ханым кезекті демалысының суреттерімен бөлісті. Ол өзінің бұл әрекетін мақтаншақтыққа балаумауды өтінді.

image

Фото: instagram.com/bayannurmysheva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров бүгінде ортақ бір ұл тәрбиелеп отыр. Екеуі де бұрынғы отбасылары туралы айтқанды ұнатпайды. Десе де, бүгінгі берекелі де мерекелі қуаныштарымен бөлісіп жүргенді жақсы көреді.

Дәл қазір отбасы БАӘ-нің Дубай қаласында демалып жатыр. Аталған елге 6 сағат бойы ұшып барған.

“Мына атмосфераға келіп барлық шаршағанымыз басылды. Түн болса да, мында өмір қызып жатыр. Сурет салғанға мақтаншақ деп сөге көрмеңіздер. Жақсы көңіл-күймен бөлісіп жатқан жайымыз бар. Сіздерге бұдан да жақсы демалыс, көңіл-күй тілейміз”, – дейді Баян Нұрмышева.

13249802_1123553494362410_920600869_n

13249670_277843129230124_625259557_n

Ерлан мырза да қарап жүрмей сүйіктісін сол аймақтағы музыкашыларға қосқан. Қолына гитарасын ұстатып, өзіне түрлі ән айтып беруін өтінген. Ерке жолдасының бұл өтінішін Баян ханым жерге тастамаған-ды.

“Мені қонақжайда жұмыс жасап отырған украиналық мызкашыларға таныстырып, гитара тартқызып, өзі марқайып, мәз болып тұр. Күндіз күнделікті дәл осындай шоу болады”, – деп әнші демалыстарының ойдағыдай жүріп жатқанын жеткізді.

#Repost @nazarali_official with @repostapp DUBAI 25.05.2016 👪

Видео опубликовано БАЯН НҰРМЫШЕВА (@bayannurmysheva)

Аталған қалада 7 жылдан бері жұмыс істеп жатқан Бека мен Ғабит есімді інілерімен жолығып, көп жерді аралап үлгерген екен. Әзірге қос ғашықтың кезекті демалысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Ерлан Орынбасаров арықтау үшін қыздармен қосылып билеп жүр (видео)

Жолдасы Баян Нұрмышеваның өзіне тамақ бермей қойғанын айтты

Әнші Бүркіт отбасымен бірге Солтүстік Африкада жүр

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Талқылау