Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдызды жұп Арман мен Аша махаббат ағашын отырғызды

Жұлдызды жұп Арман мен Аша ғашықтар күніне орай Горкий саябағына барып ағаш отырғызды.

image

Фото: instagram.com/armankonyr/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әнші әрі актриса Аша Матай 2015 жылы Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Бүгін екеуі ғашықтар мерекесіне орай Горкий саябағына барып ағаш отырғызды.

1

“Бүгін біз махаббат күніне орай Горкий саябағына барып “Арман&Аша” ағашын отырғыздық. Күндеріңіз сәтті болсын, ағайын” деп Арман Қоңырбаев ер жігіттің бір парызын өтегенін жеткізді.

Балиде бал айын өткізіп келген қос әнші “Жүрек сыңарым” атты ән жаздырып үлгерген-ді.

Естеріңізге сала кетсек, Айтжанов пен Нүрпейісовтің Аша Матайға таласып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау