Жұлдыздарға ашық киімде сахнаға шығуға тыйым салынатыны туралы ақпарат жалған

Сенбі, 2 Сәуір , 2016 14:01

Сәуірдің 1-і, яғни халықаралық күлкі күні ақпарат құралдары түрлі әзіл-қалжың мен қауесет таратқан-ды. Олардың арасында Stan.kz порталы да бар. Мәдениет және спорт министрлігіне жұлдыздардың сахнаға жалаңаш шығуын тоқтатуды сұрап жазған хаттар туралы ақпарат жалған.

image

Күні кеше Мәдениет және спорт министрілігіне жұлдыздардың сахнаға жалаңаш шығуын тоқтатуды сұрап 4000 дана хат жолданғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл жаңалық Facebook желісіне жарияланған соң 1 200 адам лүпіл басып, 300 адам бөліскен-ді.

Кей желі қолданушысы “Өте дұрыс заң. Баяғыдан осылай болуы керек еді. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деп бекер айтылмаған”, “Always, Kotex сияқтылар алынсыншы! Ұл балаларымызбен отырып көрген ұят!” сынды пікір білдірген. Лүпіл саны мен пікірлерге қарап, ақпарат әзілге құралған болса да, аталған заңның күшіне енуін қалайтын жандардың қатары көп екенін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда ашық-шашық киімде сахнаға шығуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қаракөз Қарындас Əпкелеріміз, Тозаққа түсушілерден болмайтын болдығой деп бір қуанып едім.Əттеген ай…

  • Жұмбақ жан says:

    Өтірік ең үлкен күнə ғой не болды сонша халықты алдап. Майда бала ұқсап. Ей өңшең……

  • Жұмбақ жан says:

    Ең нашар, ең арзан, жазбалары ең сүйкімсіз сайт екенсіңдер, алжығандар

  • Жұмбақ жан says:

    Точно қуасыңдар екен!

  • Жұмбақ жан says:

    Немене жұртты алдап!

  • Жұмбақ жан says:

    Фейсбуктеги аккаунт калай аталады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар