Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздардың интимді фотосын ұрлап, желіге жариялаған хакер кінәсін мойындады

АҚШ азаматы Эдвард Маджерчук 2014 жылғы жанжал бойынша жұлдыздардың мұрағатынан интимді суреттерін ұрлап, желіге жариялағанын мойындады.

скачанные файлы

Сурет: www.kp.ru 

Желіге Дженнифер Лоуренс, Рианна мен өзге де он шақты танымал адамдардың жалаңаш суреттері жарияланған еді.

Хакер қолданушыларға қауіпсіздік жөніндегі электронды хабарлама жолдап отырған.  Онда арнайы сілтемелер көрсетілген. Сол арқылы ол 2013 пен 2014 жылдарда 300-ден аса Apple iCloud пен Gmail қолданушыларының аккаунтындағы кілт сөзі мен аты-жөнін ұрлап алған.

Олардың 30-ға жуығы танымал адамдардың аккаунты болған.

Күдікті аккуанттарды бұзып қана қоймай, жеке өміріне зиянын тигізген.

Маджерчук осы іске қатысты айыпталып жатқанымен, оның жұлдыздардың интимді суреттерін ұрлағаны жөнінде айғақтар жоқ.

Егер сот оны кінәлі деп тапса, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Хакерлер 90 млн-дай жазылушысы бар әншінің туиттерін иемденіп кетті

Хакерлер алғаш рет Apple компьютерлерін ақша бопсалаушы вирустармен зақымдады

Хакерлер Орынбор үкіметінің сайтын бұзып, Қазақстан туралы жалған ақпарат жариялаған

Талқылау