Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Күні кеше ақпанның 20-сы күні жұлдыздар қайырымдылық шарасына атсалысты. “Aurora” дәмханасында өткен жәрмеңкеде Әсел Сағатова, Лидо мен Kaliya киімдер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Барлық жиналған ақша 2,5 жастағы Түркменбай Зере Арманқызына табысталады. Сәби құлағының кемістігі бар. Оны түзету үшін екі ота жасату қажет. Осы күнге дейін екі отаға қажет 164 600$ қаражат жиналып, енді 29 704$ қалған болатын. Оның бір бөлігін жинап беруге жұлдыздар атсалысты.

1

Шара туралы сәнбике әрі актриса Әсел Сағатова “Адамдардың бір-біріне бей-жай қарамайтынына тағы бір мәрте көзім жетті! Мұны мойындаудың өзі біртүрлі екен! Құрбыларымның көңілдерінің ашықтығы мен мейірімділігіне де көз жеткіздім. Барлығымыз жұмылып, жарты күнде 933 036 теңге жинадық” деп аталған шара туралы ойымен бөлісті.

2

034

Әнші Kaliya да “Достар, кеше өткен қайрымдылық жәрмеңкемiз 933 036 теңге әкелдi! Бүкiл қолдап келген адамдарға мың да бiр рахмет! Әсел екеумiз бiраз уайымдап жүрдiк ешкiм келмесе не iстермiз деп? Мен үшiн маңыздысы өз халқым, достарым кең пейiлдi көңiлдерiмен, ақ жүректерiмен кiшкентай Зереге бiраз көмек бердi!” деп жиналған ақшаны тікелей сәбидің ата-анасына табыстайтынын жеткізді.

Жиналған ақшаны алған Зеренің ата-анасы бәріне алғыс айтты.

Талқылау