Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз жорамал бойынша үш белгідегі әйелдер жақсы жар болады

Жұлдыз белгісі арқылы адам жайлы көп нәрсе білуге болады. Сүйіктісіне ұсыныс жасағысы келетін ер адамдар үшін мына мақаланың пайдалы болары сөзсіз. Себебі дәл осы жерден сіз өзіңізге жақсы жар бола білетін жанды таба аласыз.

55fd3d8101c80

Фото: anabol.kz

Патшайым Шаян

4a87d9276892006dc60088411826a0fe

Шаян белгісінде дүниеге келген әйелдердің өз серіктестеріне деген сезімдері ыстық болады. Тиісінше, шаян-әйелдермен сіз естен кетпес махаббат сезімін бастан кешіресіз және олар сүйікті адамы үшін кез келген нәрсеге дайын тұратынын естен шығармағайсыз. Шаян-әйелге үйленуге шешім қабылдасаңыз, дұрыс жасағансыз. Себебі дәл осы жұлдыз белгісінің иелері сіздің бақытыңыз үшін аянып қалмайды. Бірақ басқа жағынан алғанда шаяндар кейде тым сезімтал болып келеді. Олар маңызы аз дүниелер үшін де алаңдауы мүмкін. Десе де, шаян-әйелдер үйдің берекесін кіргізіп, бар жағдайыңызды жасайды. Одан бөлек, олар нағыз аспаздар. Шаяндар ана ретінде де өздерін тек жақсы қырынан көрсетеді. Бұл әйелдер өз серіктерінің тек жақсы жақтарын көруге тырысады.

Ханшайым Тоқты

2eb6869481471d70541e1497663e0aea

Тоқты белгісінде дүниеге келген әйелдердің мінездері қатты әрі табанды болып келеді. Сол себепті олар ерлерді тізе бүктіруге дейін мәжбүрлейді. Одан бөлек, тоқтылар діттеген мақсатына жетпей қоймайды. Егер сіз осындай мықты әйелмен бірге өмір сүруге дайын болсаңыз, алған бетіңізден таймаңыз. Мұндай әйелдер сізден барлық жағынан қолдау күтеді. Соның арқасында сіз өзіңізді бір сатыға болсын жоғары сезінесіз, ал айналаңыздағы адамдардың бәрі сізге тек құрметпен қарайтын болады. Тоқтылар өз ерлерін мықты, жауапкершілікті әрі лайықты ете түседі. Тоқты-әйелдер қоғамнан не күтуге болатынын және нені болмайтынын жақсы біледі. Олар өмірге шынайы көзқараспен қарайды. Бірақ олардың назарын аударту соншалықты оңай дүние емес. Назарын аудартқан күннің өзінде, ол сіздің ұсынысыңызды қабылдау үшін ұзақ ойланатын болады. Қабылдаған жағдайда, ол сіздің бақытыңыз үшін қолынан келгенін аямайды. Ана ретінде тоқтылар қатал болады, олар нағыз жеңімпаздар мен көшбасшыларды тәрбиелеп өсіреді. Тоқты-әйел серігінің мықты мінезді әрі өмірден не қалайтынын білетін азамат болғанды қалайды.

Әмірші Арыстан

06e336587b9034e8e5aae7cc19bd9b6a

Арыстан-әйелдер – нағыз жауынгерлер, күшті әрі қатігез. Дәл осы себепті де олардың серіктерінің рухы мықты болуы шарт. Әдетте, арыстан-әйелдерге қарапайым ерлер қарай бермейді, олар да өз кезегінде ерекшеленбейтін жандарды қаратуға тырыспайды. Есесіне табиғат сыйлаған сұлулық бәрін өзі реттейді. Арыстан-әйелдер жақындары үшін бәріне де дайын ерлерді іздейді. Сіз өзіңізді арыстан-әйелден артық жақсы көретін жанды таба алмайсыз. Ол өзінің күйеуі мен балаларына тек жақсылыққа жеткізу үшін күреседі және әрдайым өз жақындарын қорғауға дайын тұрады.

Жіберіп алмаңыз: 

Жұлдыз жорамал бойынша бір біріне мүлде сай келмейтін екі белгі

Жұлдыз жорамалдағы бикеш белгісіндегілер ең ұқыпты жүргізушілер деп танылды

Ғалымдар жұлдыз жорамал белгісінің уақытын өзгертіп, тағы бір белгі қосты

Жас келіншек: Некесіз туған баламның әкесімен араласқаным дұрыс па

 

Талқылау