Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Жұлдыз шашыңды жұлады: Кеудесін жартылай ашып Қайрат Нұртаспен суретке түскен жас әнші көпшілікті ашуландырды (видео)
Жас әнші Фарема Қазақпаеваның үнемі ашық-шашық киім киіп жүретінін көпшілік біледі. Алайда оның кеудесі жартылай ашық киім киіп тұрып Қайрат Нұртаспен түскен суреті көпшілікті ашуландырды, деп жазады Stan.kz.
Келісті сымбатын көрсеткенді ұнататын бойжеткен желідегі парақшасында танымал әнші Қайрат Нұртаспен түскен суретін мен видоесын жариялады. Алайды оның кеудесі қатты көрініп қалған.
«Түрім онша емес болып қалыпты. Жарайды, бәрі-бір. Көргеніме қуаныштымын. Ең болмаса, тойларда кездесіп тұрамыз», – деп жазды Фарема.
Мұнан кейін ол әншімен түскен видеосын жариялап, өзін сынағандарға күлкісі келетінін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өз кезегінде желі қолданушылары ашық-шашық киім киген әншінің Қайратқа «жаным» деп жазғанына ашуланып қалды.
«Кеудесін жауып қоюы керек еді. Ел алдында жүретін адам болсаң, осылай бүкіл тәніңді көрсетуің керек емес», «Әдемісіз. Бірақ өзіңнің тәніңді осыншама көрсетудің қажеті не? Бәрінің шегі бар ғой. Тойда әр түрлі жастағы адамдар болады. Айналаңдағылар мен той иелерін сыйлау керек», «Жұлдыз шашыңды жұлады», «Қазақ қыздары не болып барады? Тойға клубқа баратындай киінгені несі. Қайрат ұялмай ма жанында тұруға», – деп жазды пікір қалдырушылар.