Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғалиді клипке түсірген Айқын елден кешірім сұрады

Еңбекқор әншілердің бірі Айқын Төлепберген соңғы айда 4 бірдей әнге бейнебаян түсірген. Өнер иесінің айтуынша, оның үшеуі телехикая мен кинокартина саундтрегі. Ал төртіншісі қазіргі махаббаты Жұлдыз Өмірғалиға арналған.

Жұлдыз Өмірғалиді клипке түсірген Айқын елден кешірім сұрады

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Гәкку” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұл жолы бейнебаян түсіру үшін Ерболат Беделханға хабарластым. Себебі маған оның оның жұмыстары ұнады”, – дейді Айқын.

Айқынның Жұлдызға арналған әні “Ты моя” деп аталады.

“Бейнебаянда басты рөлді сомдаған – Жұлдыз Өмірғали. Ән жазылған кезде де Жұлдыз туралы жазылған болатын”, – дейді Төлепберген.

Соңғы жылы жеке өміріне қатысты халықтың біраз сынына қалған Айқын елден өткен өмірін қазбалай бермеуді өтінді.

“Жазылмаған жараның бетін тырнай берудің қажеті жоқ. Жеке өміріме қатысты көп айтпай-ақ қояйын, одан да жеке өмірім туралы әндер жазып, бейнебаян арқылы жеткізейін.

Кеше ғана Фредди Меркьюридің “Богемская рапсодия” деген киносын көріп шықтым. Ол жерде де Фредди: – Біз әншіміз, біздің өнерімізді сыйласын, жеке өмірімде шаруаларың болмасын, – деді”, – дейді Айқын.

Әйткенмен, Айқын халықтан кешірім сұрауды да ұмытпады.

“Кешіріңіздер, менің жеке өмірім маған ғана қатысты. Ал шығармашылығыммен бөлісуге сондай шешім қабылдадым. Жұлдыз туралы енді бәрі біледі. Сондықтан бейнебаянға түсіруге шешім қабылдадым”, – дейді Айқын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Өмірғали ел алдына шығып, Айқынмен қарым-қатынасы туралы өз шындығын айтқан еді. Өмірғали Төлепбергенмен кездесе бастаған кезде оның отбасылы екенін білмегенін мәлімдеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау