Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали өзіне сыйлаған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды

Әнші, «КешYou» тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали өзіне сыйланған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды. Алайда әнші сыйлық иесінің кім екенін жасырып қалды, деп жазады Stan.kz.

Жұлдыз Өмірғали

Әнші желідегі парақшасында ақ түсті көліктің жанында түскен суретін жариялады.

«Балақай, балақай үшін рақмет», – деп жазды Жұлдыз Instagram-да.

Өз кезегінде желі қолданушылары Жұлдызға көлікті күйеуі Айқын Төлепберген сыйлады деп топшылауда.

«Айқынның ескі көлігіне ұқсайды екен», «Құтты болсын! Күйеуіңіз Айқынның сыйлығы ма?», «Керемет сыйлық екен. Кім сыйлады? Балақай деген кім?» – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау