Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның бірінші әйелі өзінен әдемі екенін айтқандарға жауап берді

Танымал әнші Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, ұл сыйлағанын ақыры мойындаған «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиге айтылар сын әлі таусылар емес. Осы себепті ол желідегі парақшасынан ұлы мен жеке өміріне қатысты суреттерді өшіріп тастап, ендігі құпия ұстауға бекінген еді. Алайда желі қолданушыларының бірінің жазғаны пікірі шамына тисе керек, Жұлдыз ханым жауапсыз қалмады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жұлдыз Өмірғали

Жұлдыз Өмірғалидің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасының астына пікір қалдырушылардың бірі: «Бірінші әйелі әдемірек болған еді. Және ақылдырақ», – деп жазған.

Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның бірінші әйелі өзінен әдемі екенін айтқандарға жауап берді

Өз кезегінде әнші оған «болған» деп жауап берді.

Алайда пікір қалдырушы мұнымен тоқтап қалмады. Ол Айқын Төлепбергеннің үшінші әйел алғанын қалайтынын жазған.

«Ол әлі де әдемі. Ол (ред. Айқын) қайта ойланады деп үміттенемін. Тіпті, ойын өзгертпесе де, үшінші әйел алсын. Оның бірінші әйелі сезінген ауру мен сатқындықты сіз де сезініңіз», – деп жалғастырды пікір қалдырушы.

Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның бірінші әйелі өзінен әдемі екенін айтқандарға жауап берді

Мұнан кейін тағы бір желі қолданушысы Жұлдыздан Айқын үшінші әйел алса не істейтінін сұрады.

«Өмірді жалғастыра беретін едім. Не сұрақ бұл? Әлде: «Жоқ, мен онсыз өмір сүре алмаймын», – деуім керек пе? Қаншама адам ажырасқан соң одан да жақсы өмір сүріп кетеді. Неге ажырасқан соң бәрі жаман болады деп ойлайды?» – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның бірінші әйелі өзінен әдемі екенін айтқандарға жауап берді

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау