Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали өзімен тағдырлас қыздың рөлін сомдауда

Жақын арада КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғали өзін жаңа қырынан танытпақ. Кино әлеміне қадам басқан жұлдыз басты рөлді сомдаған телехикая қазан айында көрерменге жол тартады.

Жұлдыз Өмірғали қандай телехикаяға түсіп жатыр?

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

120 бөлімнен тұратын телехикаяда бақыт, махаббат, өшпенділік пен сатқындық суреттеледі.

“Сериалдың ерекшелігі, Қазақстанда болмаған формат. 120 серия, 70 минуттан деген оңай емес. Және де бұл жерде қозғалатын тақырыптардың көптілігі және маңыздылығы”, – дейді режиссер Анаргүл Ыдырысова.

Жаңа маусымда көрерменге жол тартатын 120 бөлімнен тұратын драманың оқиға желісіне, қарапайым қазақ отбасыларының тыныс-тіршілігі негіз болған. Туындыны көрерменге тартымды етсек деп, оннан астам сценарист тер төгіпті. Ал, актерлік кастингтің қатаң талаптарынан Жұлдыз Өмірғали де қашып құтыла алмаған. Экс-кешьюлік аруға өз рөлін ойдағыдай алып шығуға, бастан өткерген өмірлік оқиғасы себеп болғандай.

“Мен бүкіл басымнан өткен қайғылы жағдайлар, сондайларды есіме түсіріп барып, сол уақытта жасымды төге алатындай, жасымды камераға төге алатындай жеткізіп тырыстым. Әлі де ондай сценалар аз емес сияқты, бәрі де алда”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Кейіпкерімнің болашағы қандай болатыны өзгеден бұрын, мына өзіме қызық дейді Жұлдыз.

“Кейбір оқиғалар менің өз басымнан өткен. Сондықтан мен ойлаймын, Салтанат кішкене болса да маған ұқсайды деп”, – дейді Жұлдыз.

Көзі қарақты көрермен болса, Жұлдыз бен Салтанаттың ұқсастығын жуық арада салыстыра алады. Телехикая қазан айында жарыққа шықпақ!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау