Жұлдыз Өмірғали екінші сәбиін күтіп жүргенін растады

Күні кеше Айқын Төлепберген 37 жасқа толған туған күнін атап өтті. Сондай-ақ, бір оқпен екі қоянды атуды көздеген әнші бұл күні “Жүрегім ақ” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Ал осыған дейін жеке өмірін жасырып келген әнші енді барлық сұрақтарға ашық жауап беруге бекінген.

Жұлдыз Өмірғали екінші сәбиін күтіп жүргенін растады

“Гәкку” арнасына берген сұхбатында Жұлдыз Өмірғали екінші сәбиін күтіп жүргенін растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оған бұл қуанышты хабарды жария етуге Айқын рұқсат берген.

“Айқын жасырып жүр десе жасыранатын едік екіншісін де. Бірақ ол айтты “бәрін ел көріп жатыр, біле берсін, екеуміз біргеміз деп айт” деді. Болды”, – деп қуанышын жеткізді Жұлдыз.

Ал Айқын Төлепберген туған күнге арналған кешті аяқ астынан ұйымдастырғанын айтады.

“Біз суқұйғыштар сондаймыз. Бізде бәрі аяқ астынан. Таңертең оянып клип шығару керек дедім. Туған күнімді де істеу керек. Клипті шығару үшін тұсаукесер істеу керек шығар деп ойладым да бір күнде жасай саламын деп шештім”, – дейді Айқын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар