Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали: Ата-енем біраз уақытқа дейін мені қабылдамады

Айқын мен Жұлдыздың жеке өмірі жұртқа жария болғалы, олардың отбасына қызығушылық танытқан оқырмандарының саны еселене түсуде. Төлепбергеннің екінші әйелі ретінде танымалдылығы артқан Өмірғали, осы уақытқа дейін көрген қиындықтарын алғаш рет ашып айтты. Бастапқыда Айқынның ата-анасы «Кешью» тобының экс-мүшесін келін ретінде қабылдай алмаған. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісімен сұхбаттасқан Жұлдыз, көпшілікке беймәлім жан-сырымен бөлісті.

Жұлдыз Өмірғали: Ата-енем біраз уақытқа дейін мені қабылдамады

«Ата-енем бірден жақсы қабылдады деп айта алмаймын. Бірден Айқынның айтқанына келісе қойған жоқ. Кейін уақыт өте келе 1.5-2 жылдай болып қалды ғой. Сол уақыт арасында жақсы қабылдап, мені қазір қызымдай деп жақсы көріп кетті. Қазір бәрі де жақсы», – дейді Жұлдыз.

Жұлдыз өмірінің қиын кезеңдерін дәл осылай еске алады. Қазіргі таңда ене мен келіннің қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай. Алғашқыда Айқынның шаңырағына аттап баспайтын ата-ана, соңғы уақытта кіші ұлының жанұясына жиі келетін болған.

«Ата-енеммен жақсы араласып тұрамыз. Апта сайын барып қал-жағдайларын сұрап, үйге шақырамын. Үлкен кісілерге ет асып дегендей… Кішкентай кезіммен бері ата-енеммен тұруды армандайтынмын. Бірақ ол жақта үлкен келіні қолында тұрып жатыр. Сондықтан ол кісілер бөлек тұрады», – дейді Айқынның әйелі.

Айқынның ата-анасы үлкен ұлымен бірге тұрады. Жұлдыздың ендігі арманы ата-енесін қолына алу. Кешью тобының экс-әншісі келіндік міндетін атқарып, үлкен кісілердің ақ батасын алсам деген ниетте.

«Бірақ қазір армандап қоямын. Қазір өзіміз пәтерде тұрып жатырмыз. Кейін жер үй алған кезде ата-енемді бізге алсақ екен деп Айқынға айтып қоямын. Себебі мен үлкен отбасында өскеннен кейін, жанымда біреу болғанын қалаймын да. Енем менің анам сияқты», – дейді Өмірғали.

Айқын мен Жұлдыздың заңды баспанасы жоқ. Жұлдызды жұп пәтер жалдап тұрады екен. Төлепбергеннің жеке меншік үйі алғашқы отбасындағы балаларына тиесілі көрінеді. Бірақ қолы қалт етсе ұл-қызымен кездесіп, әкелік міндетін естен шығарған емес. Ал, Өмірғали болса өмірлік жарына түсіністік танытатынын айтады.

«Иә, бірінші отбасына барып тұрады. Баласын мектептен алып кетеді. Киноға апарады. Белгілі бір кесте жоқ. Айқын көп уақыт гастрөлде жүргендіктен баласына да уақыт бөлу керек қой. Сондықтан босаған уақытында міндетті түрде сол жаққа барып тұрады», – дейді “Кешью” тобының экс-әншісі.

Естеріңізге сала кетсек, Айқынның алғашқы әйелі Әсел Төлепберген ұлы Аңсар мен қызы Асылымды жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау