Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова түсік тастаған кезін еске алды

Жұлдыз Әбдікәрімова төртінші перзентін босанған кезі туралы айтып берді. Қайрат Нұртастың келіншегі кенже ұлы Ханның алдында түсік тастаған кезін еске алды, деп жазады Stan.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат Нұртастың келіншегі екі қыз туған соң тағы да қызды болудан қорыққан. Сондықтан үшінші мәрте құрсақ көтергенде оны алдырмақ болған. Қайрат қарсылық танытқан соң, сәбиін өмірге әкелген. Отағасының сөзін тыңдаған Жұлдыз бүгінде екі қыз, екі ұлдың анасы атанып отыр.

Күні кеше Қайрат пен Жұлдыздың сүт кенжесі Хан 4 жасқа толды. Бұл орайда Жұлдыз Әбдікәрімова кенжесінен бұрын түсік тастаған кезін еске алды.

“Құрсағымда 17-18 апталық баламның шетінеп кеткенін естігенде есеңгіреп, әрең операция залына кіруге келіскен болатынмын. Одан кейінгі күйзелісті сөзбен айтып жетуізу сол кезде мүмкін емес болып көрінді.
Алайда араға бір ай салып, Аллаһ бізге тағы тосыннан сый жасап, артынша құрсақ көтеруді нәсіп етті. Шүкір! Сол сәтте сене алмай қайта-қайта дәрігерді сұрақтың астына алып, біраз мазалаған болатынмын. Сөйтіп жүріп 9 ай да өте шықты”, – дейді Жұлдыз.

Әбдікәрімова төртінші перзентін босанарда перзентханаға өзі барған. Сол күні әдеттегідей үйдің тірлігін бітіріп, кешкі уақытта балаларын мектептен, балабақшадан алып келген. Кейін ешкімге ескертпестен, рөлге отырып, перзентханаға қарай асыққан. Айтпақшы, бұл кезде хитмен Қайрат гастрөлдік сапарда болыпты.

“Сонымен 18.11.2014 жылы таңғы сағат 10.00-де дүниеге Хан келді! Салмағы 4.200, ал бойы 57, шекесі торсықтай батырды қолыма алдым. Хан, денің сау болсын, аман бол! Ер азамат болып өсе бер! Туған күніңмен жаным! Супер звезда”, – деп ұлына деген ақ тілегін білдірді Әбдікәрімова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау