Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Біздің үйде “менікі-сенікі” деген жоқ, бар ақшаны қайын атам ұстайды

Жұлдыз Әбдікәрімова әншінің әйелі болғандықтан, телеэкранда жүр дегендермен келіспейді. Ол жоғары оқу орнында алған мамандығының телевизия саласына жақын екенін алға тартады.

Жұлдыз Әбдікәрімова: Біздің үйде "менікі-сенікі" деген жоқ, бар ақшаны қайын атам ұстайды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әншілердің әйелдері жүргізуші болады деп жатады. Бірақ бұл жерде мамандық пен адамның ішіндегі ниеті мен талпынысын да ұмытпау керек. Мұның бәрін ұштастыра білгеннен кейін, алған білімің мен ынтаң болғандықтан, қазір алып кетіп жүрмін”, – дейді Жұлдыз.

Актрисаның айтуынша, 10 жыл бойы үйде отырып, бүкіл әлемнен шет қалды деп ойлайтындар қателеседі. Себебі бала тәрбиесінде болсам да, өзімді дамытуды тоқтатқан жоқпын, дейді Қайрат Нұртастың келіншегі.
“Кез келген адам үйде отырып бірден өнерге келді деген қате пікір. Үйде қараңғылықпен отыр деп адамдар қателесетін шығар. Үйде отқанда да құр отырған жоқпын. Өзімнің кітабым, қайталауым бар. Мамандығым өнер болғандықтан, балалардың алдында жүргенде де кітап оқығанның өзі мамандығымды қайталау”, – дейді Әбдікәрімова.

Бұдан бөлек, Қайрат Нұртастың жары отбасылық бюджетті кімнің “басқаратынын” айтты.

“Көбісі сенбейтін шығар, бірақ біздің үйде жалпы ақша деген әңгіме болмайды. Үйде отырған кезде де “бер, сенікі, менікі” деген жоқ. Табысты бізде үйде атамыз ұстайды, өзі бөліп отырады. Ал менің табысыма келетін болсақ, қанша айлық алып жатсаң да жетпейді. Әйел адамның алатын заты көп. Сыйлық аламыз, қонаққа барамыз, үйдің заты бар. Оның үстіне телевизияға шығып, бір жаққа салып жатырмын деп айта алмаймын. Бұл тек қосымша табыс”, – дейді Жұлдыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұртас Айдарбеков Қайратқа жар болу оңай емес екенін айтып, келіні Жұлдыздың мақтауын асырған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау