Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жұбайына көлік жүргіздіріп қойған Төреғали желіде қызу талқыға түсті (видео)

Үш жылға жуық уақыт үйленгенін жасырып келген Төреғали бір жыл бұрын жары Толқынды көпшілікке таныстырды. Екі баласы болғанына қарамастан, дүркіретіп үйлену тойын жасады. Алайда одан кейін жұбайымды өзіммен бірге ертіп жүрмеймін, деп кесіп айтты. Әйткенмен, бүгінде “Ұлы дала баласы” әйелі Толқынды жиі көрсететін болып жүр, деп жазады Stan.kz.

Жұбайына көлік жүргіздіріп қойған Төреғали желіде қызу талқыға түсті (видео)

Күні кеше Төреғали жарымен бірге көлікте ән айтып отырған сәтін жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеода Төреғали жұбайымен бірге соған арналған “Менің Толқыным” әнін шырқауда. Алайда желі қолданушыларының назарын аударған нәрсе бұл емес. Ері қасында бола тұра, Толқынның көлік тізгіндеуі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Десе де, ХХІ ғасырда әйел затының рөлде отыруына қалыпты қарайтындар да табылды. Жалпы жұптың жарасымдылығына тәнті болып, екі жасқа бақыт тілеген оқырмандар көп болды.

“Алла тіл-көзден сақтасын! Иманды, көрікті, дарынды, балаларыңыздың анасы – Толқыныңмен жұптарың жазылмай, бақытты ғұмыр кешіңдер!” – деп ақ тілегін білдірді желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Алматыда қар жауып тұр! ❄️ #МеніңТолқыным ❤️

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр