Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі мен күйеуі адам өлтіргені үшін істі болып, сот залынан босатылды

Келіншек өзін бұрын азаматтық некеде тұрған еркектің таяғы мен қорқыту әрекеттерінен қорғану мақсатында оны өлтіріп қойған еді. Кісі өлтіргеннен кейін әйелі мен күйеуі оның денесін бөлшектеп,өртеп жіберген. Осыдан кейін полицияға өздерінің осындай іс жасағандарын айтып, бірге келген.

өздерін-қорғады

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

Оқиға Ақмола облысында 2014 жылы Ерейментау ауданында болған. Түнгі уақытта келіншектің үйіне мас күйінде, бұрын сотталған осыған дейін онымен азаматтық некеде тұрған еркек кіріп келеді. Ол әйелінің өзінен кетіп қалғанына ашуланып түрлі әрекетке барған. Мас азамат бұған дейін де әйелге тыныштық бермей бірнеше рет келіп, оны соққыға жығып кеткен.

Бұл жолы ол әйелді аяусыз ұрып, сыртқа шығарып өлтірмекші болған.
Қорыққан келіншек өзін қорғау мақсатында асханадан пышақ алып, еркекке бірнеше рет сұққан. Осы жарақаттан кейін еркек бірден қайтыс болады. Әйел күйеуімен бірге ақылдасып оның денесін бөлшектеп, пешке салып өртеп жібереді.
Араға бірнеше ай  уақыт салып жұбайлар өздерінің осындай қылмыс жасағандарын айтып полицияға барған. Құқықтық орган қылмыстық іс ашқанымен күдіктілердің әрекетін тексере келе, істі тоқтатқан.

Сотта куәлары марқұмның келіншекке тыныштық бермей, азаптаумен болғанын айтқан. Әйел бірнеше рет жергілікті полицияға да осы мәселе бойынша шағым түсірген екен. Ал марқұмның туыстары болған жайтқа байланысты әйелді кінәламайтындарын айтқан.

Сот жұбайлар өздерін қорғау үшін қылмыс жасауға мәжбүр болды деген үкім шығарған.

«Оларға 8 ай 26 күн жалпы режимдегі абақтыда жазасын өтеу үкімі шығарылады. Жаза уақыты айыптылар полицияның арнайы қадағалауында болған мерзіммен есептеліп кетеді. Көрсетілген уақыт мерзімінде азаматтар полицияның қадағалауында болғандықтан, сот залынан бостандыққа жіберілсін» ,-делінген аудан аралық мамандандырылған қылмыстық істер бойынша сот үкімінде.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау