Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖСН нөмірі жоқ ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шетелге шыға алмайтын болды

Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шекарадан аттап шыға алмайтын болды. Бұл туралы Қазақстандық туристік ассоциациясы хабарлады.

Казахский паспорт

Сурет on.kz

“ЖСН нөмірі жоқ жеке құжаттар ҚР “жеке куәлік туралы” заңының 7 бабы 2 тармағы, ҚР “Ұлттық ортақ сәйкестендірме нөмірлері” туралы заңның 13 бабы 3 тармағына сәйкес жарамсыз деп табылады”, – деп жазылған.

“Қазақстандық туристік ассоциация ҚР ҰҚК шекара қызметімен кеңес жүргізді. 2004 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі төлқұжаттарда ЖСН нөмір көрсетілмеген. Парақшаның оң қапталында құжат иесінің жыныстық белгісі де жоқ. Бірақ, бұл ақпарат төменде жазылған: тегі, аты, құжат нөмірі, туған жылы, айы, күні, жынысы, құжаттың берілген уақыты және соңғы 12 сан бұл ЖСН нөмірді білдіреді”, – деп хабарлады ассоциация.

11831682

Ал ЖСН нөмірі шетелдік төлқұжатында көрсетілмеген азаматтар ҚР мемлекеттік шекарасы аумағынан сыртқа шығарылмайды.

Талқылау