Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жөтелді емдей алмай науқасты өлтіріп алған медбике жазадан оңай құтылды

Алматы облысында науқасты өлтіріп алды деп айыпталған медбике жазадан оңай сытылып кетті. Қарапайым жөтелді емдеймін деп оңбай қателескен қызметкер тек жұмыстан шығарылып, жауапкершіліктен жеңіл құтылған, – деп хабарлады КТК арнасы.

жж

Сенбі күні дәрігерлер таптырмай, науқасқа екпені медбикелердің бірі жасай салған. Алайда, инені салуы мұң екен 65 жастағы Александр Сивак сол арада тіл тартпай кеткен. Сөйтсе, қызметкер қателесіп басқа екпе салып жіберген екен. Марқұмның туыстары жанжал шығарған соң медбике уақытша жұмыстан шеттетілген болатын. Алайда арада  қырық күн өткенде ақ халаттыға ешқандай қылмыстық жаза қолданылмай, тек жұмыстан қуылғаны белгілі болды. Ал ауылдық амбулаторияға қатысты қызметтік тексеру де аяқталған. Бірақ сонау Астанадан келіп кеткен комиссия жұмысы да сол күйі аяқсыз қалған сыңайлы.

«Жоқ, шығарылды, бүгіннен бастап шығарылып жатыр. Келген адам тексеріп жатыр. Көп тексеріп кетті. Бірінен соң бірі келді, бәрі тексеріп болды», – дейді медбикелер бөлімінің жетекшісі Светлана Салыққызы.

Германиялық санитар еріккеннен 33 науқасты өлтіргенін мойындады

Ресейде дәрігер ұрып өлтірген науқастың жолдасы төбелестің неден шыққанын айтып берді

Науқасты ұрып өлтірген ресейлік дәрігер жұмысынан қуылды

Талқылау