Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖОО-да сұранысқа ие жаңа мамандықтарды оқытатын болады

Қазақстанда алдағы уақытта бастауыш сыныптарға «Робототехника» оқу бағдарламасы енгізілмек.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясындағы маңызды бағыттардың бірі – адами капиталды дамыту болып табылады. Даярлықтан өткен адам болмаса, аталған бағдарламаны жүзеге асыру бізге қиынға түсері анық. Біз орта және жоғары оқу орындарының білім  бағдарламасын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Бастауыш сыныптарға «Бағдарламалау негіздері» мен «Робототехника» оқу бағдарламалары енгізілетін болады. Бағдарламалау тілдері де қайта қаралып, жаңа (Java, Python, Rust және т.б) түрлеріне ауыстырылады», – деді Жұмағалиев.

Асқар Жұмағалиев қағазбастылықтан электронды форматқа көшу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Айтуынша, цифрландыру қарапайым қазақстандыққа пайдасын береді.

«Білім саласындағы цифрландыру ең бірінші кезекте бүкіләлемдік озық ілімге интернет арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді – ол дегеніңіз электрондық оқулықтарды қолдану және сол секілді өзге де мүмкіндіктер. Шымкентте біз пилоттық жоба ретінде оқушылардың сабаққа келуін назарға алдық. Цифрландырудың арқасында, яғни оқушының ата-анасына оның баласы мектепке келген-келмегені туралы хабарлама тарату арқылы, біз оқушылардың мектепке келуін екі есеге арттыруға мүмкіндік алдық. Шымкентте оқушылардың сабақтан қалудың 22 мың оқиғасы тіркелген еді, оны қазіргі таңда 2 мыңға дейін қысқарттық. Осының арқасында үлгерімділік 10 пайызға артты», – дейді Асқар Жұмағалиев.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында екі жетім баланы кімнің азаптағанын тексеріп жатыр

Алматы облысында жүргізуші әйел мен оның емізулі баласын қағып кетті

Шымкентте өлі күйінде табылған мұғалім жайлы жаңа деректер айтылды

Талқылау