Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жомарт, тоқташы!": Қалыңдығымен жанжалдасқан күйеу жігіт оны көше ортасында тастап кетті (видео)

Желіде той күні жанжалдасып қалған қалыңдық пен күйеу жігіттің видеосы тарап кетті. Жаңа өмірге қадам баспақ болған жастар дәл көше ортасында ұрысып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жомарт, тоқташы!": Қалыңдығымен жанжалдасып қалған күйеу жігіт оны көше ортасында тастап кетті (видео)

Желіде тараған видеодан қалыңдық пен күйеу жігіттің сөзге келіп қалғаны байқалады. Артынша қалыңдық ашуға бой алдырып, кетіп қалады. Оны қуып жеткен күйеу жігіт кері қайтармақ болғанымен, мұнысынан түк шықпай, араларындағы келіспеушілік жанжалға ұласты. Тіпті, көше ортасында ұрысқан оларға айналасындағылар да кедергі бола алмады. 

Қалыңдық күйеу жігіттің дегеніне көнбей, оны гүлмен ұрып жіберді. Оған жауап ретінде ер адамның жұдырық сілтегені байқалады. Мұнан әрі жағдай шиеленісі түседі. Ақырында қалыңдықты көндіре алмаған күйеу жігіт кетіп қалды. Осы кезде қалыңдық ойынан айныды ма, әйтеуір, кері бұрылып, күйеу жігітінен тоқтауын сұрайды.

«Жомарт, тоқташы!» - дейді ол.

Алайда күйеу жігіт оған қайырылмай, той кортежіне мініп, кетіп қалды. Мұнан кейін не істерін білмеген қалыңдық әрлі-берлі жүріп, көліктердің біріне отырып кетті.

 

Желі қолданушылары көпшіліктің алдында жанжалдасқан жастарды сынады. Кейбірі бұл оқиғаның пранк екенін, әдейі түсірілгенін айтып жатыр. 
 

Талқылау