Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдасы көлігін қойып келгенше, әйелі аурухана табалдырығында өзін өзі босандырған (видео)

Скантроп қаласының тұрғыны Джессика Стаббинс аурухананың табалдырығында тұрып босанып қалған. Ал жолдасы бұл уақытта көлік қоятын жер іздеп жүрген. Барлығы небәрі 60 секунд ішінде жүзеге асқан екен.

image

Бұл туралы Mirror басылымы хабарлайды.

Ғашықтар бұл оқиға туралы “Қайырлы таң, Ұлыбритания” бағдарламасында баяндап берген. Джессика өзімен бірге аурухана камерасына түсірілген видеоны да ала келген. Видеодан оның кіре берісте қатты қиналып тұрғанын байқауға болады. Кейін ол басы көріне бастаған қызын өз қолымен алып шығады.

a8c984d4c63a527c581ed498289806c9

“Сәбидің басы шығып келе жатқанын көліктің есігін жапқан кезде сезген болатынмын”, – дейді екі баланың анасы.

Жолдасы тура қасында тұрып, өміріндегі ең маңызды сәтті жіберіп алғанын айтып әзілдеуде. Дәрігерлердің айтуынша, дәл қазір баланың денсаулығы жақсы.


Жіберіп алмаңыз:

Австаралиялық әйел 63 жасында алғаш рет бала босанды

Джордж Клуни 55 жасында алғаш рет әке атанды

Ақтөбе әкімінің орынбасары алғаш рет 42 жасында ана болды

Ресейлік продюсер Бари Алибасов 68 жасында екінші рет ұлды болды

Талқылау