Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдары болған: Сочиде ұшақ өзенге құлап барып өртенді

Ұшақ жолаушысының айтуынша, ұшақ аппаттық отырудан бұрын 40 минут теңіздің үстіде ұшып жүріп барлық жанармайды тауысқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Жолдары болған: Сочиде ұшақ өзенге құлап барып өртенді

Жолаушы болған оқиға туралы Mash телеграм-каналына интервью берген.

«Мен бортта болдым, жарақаттанған төрт адамды травматология бөліміе алып кетті. Құтқарушы тобының басшысы, әуежай қызметшісінің жүрегі көтере алмай қайтыс болды. Апаттық отырғызу дауыл кезінде судың ағынына қарай ұшу алаңында болды. Бірінші реттен қона алмады, екінші айналымға кетті, бірақ реверс жасамай, қалыппен тежеді, бүйірден соққан жел болғандықтан қонар кезде жылдамдықты көбейтті», – дейді жолаушы.

Оың айтуынша, жылдамдық қатты болған соң қону алаңы жеткізілксіз болды, содықтан 166 жолаушысы бар ұшақ қоршаудан асып кетіп, Мзымта өзеніне құлады. Бұнымен қайғылы оқиға аяқталмай, ұшақтың сол жақ қозғалтқышы өртеніп, екі қанаты да жұлынып кеткен. Оны жарылыстан құтқарған керосинді шайып кеткен өзеннің қатты ағымы, жауып жатқан жаңбыр мен 40 минут әуеде ұшып жүріп құртылған жанармай болды.

Адамдарды құтқарып болған соң маңайымыздағының бәрі өртеніп, адамдар мүмкідігінше құтқарылды. Сонымен қатар, ұшақ 2:57 қонып, өрт сөндіру қызметі 3:08 де жеткен. Жолаушы әр секунд сайы сағатқа қарап, болып жатқан оқиғаны түсіріп алуға тырысқан.

«Басқа рейстер запастық әуежайға жіберілді. Біздің жолымыз олардікіндей болмады. Бірақ  жолымыз оңынан түсіп, қорқынышты болса да, барлығымыз аман қалдық. Жол жүктерін әлі ешкім де алмады. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыруына минус екі деген баға беремін», – дейді жолаушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау