Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушыларына лимузиннің үстіне отыруға рұқсат берген жүргізуші табылды

Полиция үйлену тойындағы серуенде  түсірілген атышулы видеоның мән-жайын анықтады. Алматы облысына қарасты  жол сақшылары  жолаушыларына  лимузиннің үстіне шығуға рұқсат берген жүргізушіні тауып, оған айыппұл салған.

көлік

Hummer H2 лимузині  жүрген той серуні видеосында  ер адам көліктің төбесіне шығып алып, жастар терезеден денелерін жартылай  шығарып жүрген.

Я дарю стиль __ #каканаесть #есьже #атдущи

Публикация от Есьже, я приезжий! (@eap_kz)

Бұл оқиға 5 тамызда Қаскелең қаласында болыпты. Hummer H2 жүргізушісі Қарасай ауданы Қарғалы ауылының 36 жастағы тұрғыны екен. Ол ҚР ӘҚБК 593-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Бұл бапқа сәйкес жүргізуші 5 АЕК (11 мың 345 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда жүргізушісі жоқ лимузин зейнеткерді қағып өлтірді

Дәрігерлер ине жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

БҚО-да жүргізуші 5 баланың анасын қағып өлтірді

Шымкентте лимузинмен кірпіш тасып жүр (видео)

Талқылау