Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылардың бәрі құдайға сыйынып кетті: Ұшақ Алматыға қайта айналып қонды

«Qazaq Air» авиакомпаниясының Алматыдан Астанаға ұшқан ұшағы техникалық себептер бойынша әуежайға оралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұшақ әуеге көтерілген соң қиындықтар пайда болды. Оқиға кеше кешке, 15 қараша күні болды. Ұшақ жолаушысының айтуынша, кеменің командирі ұшқан соң 20 минуттан кейін ақаулық туралы хабарлады.

Ұшақ ұшып шыққаннан кейін 20 минуттан кейін әуеде кедергілер бастады, техникалық мәселелер туындады, әуежай командирі бізге хабарлап, Алматыға оралғанымызды айтты. Содан кейін ұшақ үйлердің үстінен ұшып, әуежайға қонды. Бізді төтенше жағдайлар қызметімен қарсы алды. Ұшақта балалар болған, бортта ешқандай дүрбелең болған жоқ. Бәрі дұға етіп, жалбарынып кетті, – дейді жолаушы де Данияр.

Qazaq Air» компаниясының баспасөз қызметі оқиға болғанын растады. Авиакомпания 15 қарашада Bombardier Q400 NextGen авиалайнері Алматыға қайта қонғанын хабарлады. Ұшақ 2015 жылы шығарылған болатын. 2018 жылы соңғы күрделі жөндеуден өткен. Алматы әуежайына қандай техникалық себептермен қайтарылғандығын«Qazaq Air» анық айтқан жоқ.

«Әуе кемесі қалыпты тәртіпте қонды, ұшақ толық техникалық тексеруден өткізіледі. Тексерістен соң реттеліп, қайта ұшуға жіберілді. Ұшақ таңғы сағат 7:00-де ұышырылды», – деп хабарлады« Qazaq Air »баспасөз қызметі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау