Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміржол көлігімен жол жүру құны қымбаттайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі хабарламасының негізінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ шығындар мөлшерін азайту мақсатында және пайдалану шығындары құнының өсуіне байланысты темір жол көлігімен жолаушыларды облысаралық тасымалдау тарифтері 2016 жылғы 25 сәуірден бастап 10%-ға өсірмек.

image

Фото: railways.kz

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын, 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілген болатын. Сонымен бірге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.

Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты  қосымша 40%-ға дейін жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жолаушылардың кейбір топтарына арнайы жеңілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, «Ардақты ана»,  «Қамқор»  немесе «Ардагер+»  дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса, 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады, – делінген хабарламады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда “Жолаушылар тасымалы” АҚ 2016 жылдың бастап жолаушыларды тасымалдау құнын көтеруді ұсынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау