Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылар 4-қабаттан құлаған қызды құтқарамын деп өздерінің қолын сындырып алды

Куәгерлер Қытайдың Чжэцзян провинциясында төртінші қабаттан құлап кеткен екі жасар баланы құтқарып қалды. Қыз қатты жарақат алмағанымен, бірақ оны ұстап қалған құтқарушылар өздерінің қолын сындырып алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жолаушылар 4-қабаттан құлаған қызды құтқарамын деп өздерінің қолын сындырып алды (видео)

Сол күні қыздың анасы баланы әжесіне қалдырып шығып кеткен. Бірақ бала ұйықтап қалғаннан кейін әжесі де кетіп қалды. Алайда, үйде жалғыз өзі қалған қыз ұйқыдан оянғаннан кейін ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек үйдің маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар терезеде тұрған баланы көрді. Терезедегі бүлдіршінді байқап қалған екі ер адам құлағалы тұрған қызды ұстап алу үшін қолдарын созды. Бала шамамен 18 метр биіктіктен жерге құлады, бірақ куәгерлер қызды тосып қалғандықтан ол ауыр жарақат алмады.

Құтқарушылардың арқасында бала тек шамалы дене жарақатын алды. Ал оның екі құтқарушысының қолы және білегі сынған. Бұл оқиғадан кейін жергілікті билік олардың батылдығын жоғары бағалап, марапаттады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау