Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы ұшақтың қону кезінде төңкеріліп кете жаздағанын видеоға түсіріп алды (видео)

Фуэртевентура – Лидс рейсін орындаған ирландиялық Ryanair әуе компаниясының жолаушысы Boeing 737-800 ұшағының қону кезіндегі сәтсіздігін видеоға түсіріп алған.

6556

Ұшақ Канар аралдарынан Ұлыбританияға қарай сапар шеккен екен

Ұшақтың дөңгелегі жерге жанаса берген сәтте борттың іші астан-кестең болып кетеді. Осы уақытта қорқыныштан айғайлап жіберген адамдардың да дауысы анық естілген.

Видео авторы құдды ұшақ екіге бөлініп кетердей әсерде болдым деп жазыпты. Өз кезегінде Лидс-Брадфорд әуежайы ұшақтың қонуы қатты желге қарамастан, штаттық режимде жүзеге асырылды деп мәлімдеген.

Ryanair – ирландиялық лоукостер, Европадағы ірі бюджетті әуекомпанияларының бірі.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та екі жерінен оқ тиген сәби аман қалды

Дәрігерлер жігіттің аяғының башпайын қолына ауыстырып салды (фото)

Қызы телесериалдың арқасында әкесін ажалдан құтқарып қалды

Ер адам жасамаған қылмысы үшін 21 жылдан соң түрмеден ақталып шықты

Талқылау