Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы ұшақ ішіндегі жарылысты бейнекамераға түсіріп алған (видео)

A321 ұшағының жолаушыларының бірі апатты жағдайда қонған «Daallo Airlines» әуе компаниясы ұшағының бортында болған жарылыстан кейін, ұшақ ішіндегі ахуалды видеоға түсіріп алған. upload-01-pic905-895x505-30847

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бейне материалдан ұшақ фюзеляжы тесіліп, жолаушылардың оттегі беру құралын пайдаланғанын көруге болады.

Еске сала кетсек, кеше сейсенбі күні «Daallo Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы бортында жарылыс болып, өрт тұтануына байланысты Сомали астанасы Могадишоға апатты жағдайда қонған болатын.

Жарылыс ұшақ ұшып шыққанда болған. Оқиға себебі анықталып жатыр. Ұшақта 60 адамның екеуі зардап шеккен болған. Әуе кемесі Джибути қаласына бағыт алған.

Талқылау