Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы семіз серігіне бола әуе компаниясын сотқа берді

Жолаушы сапар кезінде қасында семіз адам отырғаны үшін Emirates әуе компаниясын сотқа берді. Серігі өзінің орындығына сыймағанымен қоймай, адвокат Джорджио Дестроның тыныштығын бұзған екен.

foto-1-

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Дестроның айтуынша, ол Кейптауннан Дубайға ұшқан 9 сағат ішінде тұрып тұруға мәжбүр болған. Арасында бортсеріктердің креслосына отырып демалған екен.

Заңгер стюардессаларға әлгі адамды басқа жерге отырғызуды ұсыныпты. Алайда олар өз кезектерінде бос орынның жоқтығын айтқан. Италяндық өзінен ешкімнің кешірім сұрамағанына наразылық танытып, қатты ашуланған. Енді Дестро Emirates әуе компаниясынан 2,8 мың еуро талап етуде.


Жіберіп алмаңыз:

Мұсылман әйел ерлерге қол беріп амандасу керек болғандықтан жұмысынан шығып кетті

Жұдырығыңызға қарап тұлғалық ерекшелігіңізді анықтаңыз

7 ай өмірі қалғанын білген миллионер бүкіл дүниесін қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды

 

Талқылау