Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы Алматы әуежайында қалдық тамақтар беріледі деп шу көтерді

Алматы әуежайы төңірегінде тағы да айқау-шу. Бұл жолғы дау да жолаушыларға ұсынылатын тамақ сапасына қатысты шықты. Жанжалдың “кейіпкері” берілген тамақты “итке арналған ас” деп бағалаған.

64492_b0

Сурет arnapress.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Егер, “Фейсбуктың” белсенді қолданушыларының бірі байқамағанда, бұлайша тамақтандыру қашанға дейін жалғаса берері белгісіз еді. Блогер ет тамағымен бірге ұсынылған, итке берілетін қалдық сынды асты көріп шу көтерген. Ол өзінің ренішін тамақтандыру бөліміне де жеткізген.

“Біздің жұмысты бастағанымызға небәрі екі ай ғана болды. Біз ешқандай регламентті бұзып отырған жоқпыз. Бұл тамақ бүгін жасалған”, – деп жауап қайтарған олар.

Бұл Алматы әуежайында тамаққа қатысты шығып отырған алғашқы дау емес. Осыған дейін әлеуметтік желілерде самсаның 1000, ал сусындардың 700 теңгеден сатылып жатқаны айтылған еді. Бұл асхана ақпан айында әуежайдағы ең арзан орын ретінде аталған еді. Ал шу көтерген жолаушы, мұны барлық жолаушы біліп жүру керек деп есептейді.

“Қалайша адамдар бұл тамаққа ақша төлеп, ішеді. Бұл таза соқырлық”, – дейді жолаушы Жандос Құрманбаев.

Әуежай әкімшілігінің айтуынша, шығынын ақтай алмайтындай жалға алу құны соншалықты қымбат емес екен. Демек, асхана иелері ауадан ақша жасап қалуға тырысады деген сөз. Бейнеролик авторы, әуежай қаланың бет-бейнесі, маңызды орын болғандықтан ондағы заңсыздықтары құзырлы орындар қадағалауы керек деп санайды.

Талқылау