Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолаушылар ұшақта жалаңаяқ жүрген қыз үшін төбелесіп қалды (видео)

Канар аралдарына бағыт алған ұшақта мас жолаушылар төбелес шығарды.

Жолаушылар ұшақта жалаңаяқ жүрген қыз үшін төбелесіп қалды (видео)

Оқиға ирландиялық Ryanair әуе компаниясының Глазгодан Тенерифе аралына бағыт алған ұшағында орын алған, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Куәгерлердің сөзінше, ұшақта бір қыз жалаңаяқ жүрген. Жолаушылардың бірі оған ескерту жасағаннан кейін басқа ер адам қызды жақтап шығады. Олар сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласыпты.

Куәгерлер түсріп алған видеода экипаж мүшелерінің төбелескен ер адамдарды ажыратып алғаны көрінеді. Олардың бірінің беті қанап, мұрны сынған. 

Ұшақ Тенерифе әуежайына қонғаннан кейін полиция тәртіп бұзған жолаушыларды ұстады. Куәгерлердің сөзінше, екі ер адам да мас болған. Олар өз әрекетімен ұшақтағы жолаушылардың бәрін шошытыпты, сондай-ақ, салонды қанмен былғаған көрінеді. 

 

«Ол жерде кішкентай баласы бар отбасы болды. Ол төбелесті көзімен көрді. Бұл сұмдық оқиға болды. Олар (төбелес шығарғандар – ред.) тар жерде төбелескендіктен, дауға басқа да жолаушыларды киліктірді», - дейді видео авторы Бен Вардроп.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр