Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолаушылар әрең үлгеріп шықты: Петропавлда автобус түгі қалмай өртеніп кетті

9 мамыр күні кешке Петропавл қаласының Жұмысшы ауылындағы соңғы аялдамада жолаушылар тасымалдайтын 8-ші шағын автобус түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен сағат 19: 30-да басталған. Ол кезде автобустың ішінде адамдар болған. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы автобустан шығып үлгерді.

Өкінішке орай, өрт сөндірушілер келгенше көлік құралының іші толығымен өртеніп кетті. Қазірге өрттің шығу себебі белгісіз.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр