Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәнаттық ете гөр": Майғазиев ең жақын адамдары туралы естелігін бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Сәкен Майғазив атасы мен әжесінің суретін көрсетіп, олардың жанашыр адамдар болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Майғазы атасы мен Шәкижамал әжесінің ескі суретін жүктеді. Атасы мен әжесінің көлігі бұзылған жолаушыларды құдайы қонақ деп қабылдап, қолдағы барын беріп, жұрттың бәріне жанашырлық танытатын жақсы жандар болғанын жасырмады ол. Қос бәйтерегінің тәрбиесін алып, өнегесін көріп өскен өнер иесі өтірік айтуға да жасқанған көрінеді.

"Рас па? Шын айтамын. Қой, өтірік айтып тұрсың. Егер өтірік болса, атам мен әжемді жек көрген болайын. Бұл біздің бала кездегі "Ленин, Сталин деші", "Өліп кетейін, рас айтамын", т.б. сөздердің алмастырушысы болатын. 1,5 шақырым жерде үлкен жол (дамба) бар. Атам мен әжем: "Әй, ана мәшиненің тапжылмай тұрғанына 10 минөт болды, бұзылып қалды-ау. Барып, үйге ертіп келіңдер. Болмаса, бөтелкемен су алып, кәтөлекке айран құйып, бір таба нан ала барыңдар. Жолаушы - мүсәпір ғой", дейтін", - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- Рас па? - Шын айтам. - Қой, өтірік айтып тұрсың. - Егер өтірік болса, атам мен әжемді жек көрген болайын. Бұл біздің бала кездегі "Ленин, Сталин деші", "Өліп етейін, рас айтам", т.б сөздердің алмастырушысы болатын. 1,5 шақырым жерде үлкен жол (дамба) бар. Атам мен әжем: "Әй, ана мәшиненің тапжылмай тұрғанына 10 минөт болды, бұзылып қалды-ау. Барып, үйге ертіп келіңдер. Болмаса, бөтелкемен су алып, кәтөлекке айран құйып, бір таба нан ала барыңдар. Жолаушы - мүсәпір ғой", дейтін. Я, РАББЫМ! Қасиетті рамазан айының құрметіне баба-аналарымызды, жеті аталарымызды ФИРДАУС жәннаттық ете гөр. Суретте: Атам Майғазы мен әжем Шәкижамал. #🤲🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Өткенін есіне алған ол рамазандағы дұға-тілектеріміз қабыл болуын сұрап, ата-бабасына жәнаттан орын тіледі.

"Я, Рабббым! Қасиетті рамазан айының құрметіне баба-аналарымызды, жеті аталарымызды Фирдауыс жәннаттық ете гөр. Суретте: Атам Майғазы мен әжем Шәкижамал", - дейді Сәкен Майғазиев.

Талқылау