Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол жиегіндегі заңсыз көлік шеберханалары алынсын деген тұрғындар бас көтерді

Алматының әкімі экологияны жақсартқысы келсе, жол жиегіндегі заңсыз көлік шеберханаларын азайтсын деген ұранмен бір топ тұрғын бүгін бас көтерді.  Өйткені,  Карсити деп аталатын сауда орталағының  аумағында, ешбір құжатсыз, тазалықты мүлдем сақтамайтын көлік жөндеу орталықтары толып кеткен.  Экологияны ластап жатқан да солар.  Сондықтан басқасын қойып, ең әуелі  осы мәселеге кірісу керек дейді тұрғындар.

карсити

«Кар Сити» сауда орталығының аумағында тұратын тұрғындардың басым бөлігіне жақпайды мұндағы жағдай. Өйткені қоқысқа қақалып, қолқаны қапқаны сасық иіс елдің әбден есін шығарған.  Көлік саймандары шашылып, одан қалса көліктің майы жерге ағып,  көшенің ұсқыны кеткен.

«Бір кездегі әдемі жер қоқыс алаңына айналып кетті.  Ана жерді өздеріңіз көрдіңіздер ғой. Шеберхана маңы өте лас,  қоқыс тастайтын жер тіпті сұмдық болып жатыр.  Бір қарағанда біздің әкімшілік, өкінішке қарай дұрыс жұмыс істемейтіін сияқты»,-дейді қала тұрғыны Бейбіт Қойшыбаев.

Алайда мұнда аудан әкімшлігі де, қала билігінен де адамдар келмеген, көрмеген. Тұрғындардың өздері барып жағдайды реттеп беруді сұраған. Бірақ жабулы қазан жабулы күйінде тұр.

Көліктің доңғалақтары, шашылған тоқ, тіпті газ балон аударылып жатыр. Бұл жерде қауіпсіздік ережелері сақталған деп айту қиын.  Тазалық ережелеріне де, «көлік жөндеу шеберлері» аса мән бермейді екен. Ал анда санда қоқысты арықтарға тастап тұру, қалыпты жағдай мұнда.

«Қоқыс тастайтын жалғыз біз емес. Келген адамдар да, мына машиналардың барлығы да тастайды. Бізде де тастаймыз.  Біреу келіп дворнигін ауыстырады да жолға лақтырып кетеді.  Қоқысқа тастайныдары да бар»,-дейді шебер  Кенжехан  Нәдірбеков.

Мұндай сценарий 10 жылдан бері жалғасып келеді. Бірақ әй дейтін әже, қой дейтін қожалар жоқ,. Ал нәпақасын тауып жүргендер, бұл жерден жуық арада кете қоймаймыз дейді.  Тұрғындарда айта-айта әбден шаршаған.  Осы маңда ойнайтын балаларына көп алаңдайды олар.

Өйткені көлікпен кіріп келгендер басып кетеме деп қорқады. Ал Дайрабайдың көк сиырындай болған дауды, әкім қаралардың шешуге шамасы жетпесе, «жоғары жақтағылар» шешіп берсін дейді.

 

 

 

Талқылау